Бастапқы (біріншілік) иммунитет тапшылығы (БИТ) —
организмді қайталанатын инфекцияларға бейім (осал) ететін, иммундық жүйенің генетикалық ақауларынан туындаған аурулар тобы.
Симптомдардың кең ауқымына және клиникалық көріністер мен диагноз арасындағы нақты байланыстың болмауына байланысты бұл ауруларды уақытылы анықтау және емдеу сала аралық тәсілді қажет етеді1.
70–90%
БИТ шалдыққан адамдардың 70-90% диагноз анықталмай қалады1.
БИТ-тың емделмеуі өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың дамуына апаруы мүмкін, оның ішінде:
- ауыр инфекциялар
- ағзалардың созылмалы зақымдануы
- мүгедектікке апаратын бұзылыстар.
Осы аспектілердің барлығы өмір сүру сапасы мен ұзақтығын айтарлықтай төмендетеді1.
Диагностикадағы жетістіктерге қарамастан, БИТ ерте анықтау күрделі мәселе болып қалуда, бұл диагноздың кеш қойылуына апарады.
114 100
2016 жылы БИТ диагнозымен 114 100 жуық ауруханаға жатқызу (госпитализация) тіркелген2
44%
ауыр инфекциялармен

БҮГІНГІ КҮНДЕРІ БИТ АУРУЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРДЫҢ 8‑24%-на ДИАГНОЗ КЕШ ҚОЙЫЛАДЫ1.
Осылайша, ерте диагностика және уақытылы емдеу пациенттердің тірі қалуын арттыруында, олардың өмір сүру сапасын жақсаруында және денсаулық сақтау жүйесі үшін айтарлықтай экономикалық шығындарды азайтуында шешуші рөл атқарады1.
Егер Сізде иммунитет тапшылығы болуы мүмкін деп күдіктенсеңіз, сынақтан өтіп, осы жағдайдың болу қаупін тексеріп біліңіз.
ДӘРІГЕРГЕ НЕМЕСЕ ИММУНОЛОГҚА БАРУДЫ ЕСКЕРІҢІЗ, ӘСІРЕСЕ, АУРУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ БОЛСА!
Бұл сайттағы ақпарат көпшілікке тек ақпараттық мақсаттар үшін қол жетімді, оны толық деп санауға немесе диагностика немесе емдеу үшін қолдануға болмайды, сонымен қатар дәрігеріңіздің немесе басқа медициналық маманның кеңесінің орнына қолдануға болмайды. Егер сізде сұрақтар туындаса, дәрігеріңізге немесе басқа медициналық маманға хабарласыңыз. Дәрігердің кеңесін ескеріңіз және осы ақпаратқа қарамастан оны алуды кешіктірмеңіз.
-
Bahrami, A., Sayyahfar, S., Soltani, Z., Khodadost, M., Moazzami, B., & Rezaei , N. (2020). Evaluation of the frequency
and diagnostic delay of primary immunodeficiency disorders among suspected patients based on the 10 warning sign
criteria: A cross-sectional study in Iran. Allergologia Et Immunopathologia, 48(6), 711-719. Link:
https://www.elsevier.es/en-
revista-allergologia-et-
immunopathologia-105-articulo-evaluation-frequency-diagnostic-delay-primary- S0301054620300641 -
Aggarwal S, Topaloglu O, Kumar S. PB2709: BURDEN OF SEVERE INFECTIONS IN PRIMARY IMMUNODEFICIENCY DISEASES. Hemasphere.
2023 Aug 8;7(Suppl ):e3399775. doi: 10.1097/01.HS9.0000977508.33997.75. Link: https://pmc.ncbi.nlm.nih.gov/articles/
PMC10429196/