БИТ ауруымен қалай өмір сүруге болады: пациенттер мен олардың отбасыларына арналған кеңестер
Бастапқы иммунитет тапшылығымен (БИТ) науқастар жиі және ауыр инфекциялардан зардап шегеді.
Бақытымызға қарай, дұрыс диагностика және емдеу арқылы көптеген пациенттер толыққанды, сау және еркін өмір сүре алады1.
Инфекциялармен күресу үшін қажетті антиденелер (БАТ) өндірісі бұзылған БИТ кезінде дәрігерлер мен науқастардың негізгі күш-жігері инфекциялардың алдын алуға бағытталуы керек!

Сауалнамаға қатысыңыз және иммунитет тапшылығы бойынша қауіпті топқа жатасыз ба, біліңіз?
1. Ең маңызды қадам — иммуноглобулиндермен алмастыру терапиясын (ИАТ) тағайындау
ИАТ — иммундық жүйесі әлсіреген науқастарға антиденелерді енгізу. Дайын препаратта әртүрлі бактерияларды, вирустарды және басқа микроорганизмдерді жоюға көмектесетін антиденелер қоспасы бар2.

Алайда, ИАТ иммундық тапшылықтың өзін түзете алмайды — ол тек антиденелердің жетіспеушілігін өтейді.
Шамамен, 3-4 аптадан кейін енгізілген антиденелердің деңгейі екі есе азаяды, және жаңа инфузия қажет болады.
Сондықтан процедураларды өткізіп алмау және тағайындалған емдеу кестесін сақтау өте маңызды.
Дозаны немесе енгізу режимін өзгертпес бұрын дәрігермен кеңесу керек2.
2. Қайталанатын инфекцияларға ұшырайтын науқастарға ИАТ қосымша профилактикалық антибактериалдық емдеу қажет болуы мүмкін1.
3. Сондай-ақ, зеңдерге қарсы профилактикалық емдеу қажет болуы мүмкін1.
4. Сонымен қатар, науқастар мен олардың қамқоршылары гигиена ержелерін сақтау, дұрыс тамақтану, белсенді өмір салтын ұстану және зиянды әдеттерден аулақ болу арқылы инфекция қаупін азайта алады3,4:
Гигиена
Жақсы гигиена инфекциялардың алдын алуда шешуші рөл атқарады. Қарапайым, бірақ тиімді шараларды сақтау маңызды:

Қолды сабынмен және сумен 20 секунд бойы үнемі және мұқият жуу, әсіресе тамақтану алдында, дәретханаға барғаннан кейін, серуендеп, үй жануарларымен ойнағаннан кейін.

Кесілген және сырылған жерлерді өңдеу және таңу.

Жеке гигиенаны сақтау, соның ішінде тістерді мұқият тазалау және тіс дәрігеріне үнемі барып тұру.

Тамақтан уланудың алдын алу үшін тамақтану гигиенасын сақтау.

Өкпе мәселелерін болдырмау үшін үйді таза ұстау және ылғалдылық деңгейін бақылау. Балалардың ойыншықтарын да үнемі жуу керек.

Түтіндеген және адамдар көп болатын жерлерден аулақ болу.

БИТ шалдыққан адамдар, мүмкіндігінше, науқастармен байланыстан аулақ болуы керек. Мысалы, ауыр БИТ шалдыққан балалардың ата-аналары мектептен инфекциялардың өршуі туралы хабардар етуін сұрауы және иммунологтармен кеңесуі керек.
БИТ шалдыққан кейбір адамдарға үй жануарларымен және басқа жануарлармен байланыста болған кезде сақтық қажет болуы мүмкін. Күмән туындаған жағдайда дәрігерден кеңес алу керек.

Егер хирургиялық әрекет қажет болса, инфекцияның алдын алу шараларын қабылдау үшін хирургқа БИТ бар екенін алдын ала ескерту маңызды.
Вакцинация

Иммуноглобулинді алмастыру терапиясын алатын науқастардың көпшілігі әдетте вакцинацияны қажет етпейді.

Науқастың отбасы мүшелері, әдетте, үйде инфекцияға ұшырау қаупін азайту үшін вакцина алуы керек. Дегенмен, вакцинацияның барлық мәселелері бойынша дәрігермен кеңесу керек.
ТАМАҚТАНУ

Салауатты және үйлесімді тамақтану барлық адамдар, оның ішінде БИТ шалдыққан адамдар үшін де маңызды.

Иммундық жүйені нығайтудың ең жақсы жолы — жемістер, көкөністер, дәнді дақылдар, ақуыздар және сүт өнімдері сияқты табиғи қоректі заттар мен дәрумендерге бай өнімдерді рационға енгізу.

Жақсы денсаулыққа қол жеткізу және салмақты бақылау үшін өңделген өнімдердің орнына тұтас дәнді немесе балғын өнімдерді таңдаңыз. Май жасушалары жинақталған орындарында қабынуды тудырады, бұл иммундық қорғанысты одан әрі әлсіретуі мүмкін.

Сондай-ақ, шикі немесе шала пісірілген тағамдардан бас тартқан жөн.

Шыққан жері белгісіз суды, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы бір контейнерде сақталған суды ішуге кеңес берілмейді.
ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖӘНЕ СПОРТ

БИТ шалдыққан адамдар басқалар сияқты спортпен және дене белсенділігімен айналыса алады.

Дене жаттығулары жоғарғы тыныс жолдары инфекцияларының қаупін төмендетуі, мидың қабынуына қарсы әсер етуі және эндорфиндер деңгейін жоғарылатуы мүмкін.

БИТ кейбір түрлері қанның ұюына әсер етеді, сондықтан мұндай бұзылыстары бар науқастар олар үшін қандай спорт түрлері қауіпсіз екенін иммунологпен талқылауы керек.
ТЕМЕКІ ШЕГУ

БИТ шалдыққан науқастар темекі шекпеуі керек, себебі бұл тыныс алу жолдары инфекцияларының қаупін арттырады. Мүмкін болса, олар өзін қоршаған адамдардан жақын жерде темекі шекпеуін сұрауы керек. БИТ шалдыққан балалардың ата-аналары мүлде темекі шекпеуі керек.
Егер сізде иммунитет тапшылығы болуы мүмкін деп күдіктенсеңіз, сынақтан өтіп, осы жағдайдың болу қаупін біліңіз.
ДӘРІГЕРГЕ НЕМЕСЕ ИММУНОЛОГҚА БАРУДЫ ЕСКЕРІҢІЗ, ӘСІРЕСЕ, АУРУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ БОЛСА!
Бұл сайттағы ақпарат көпшілікке тек ақпараттық мақсаттар үшін қол жетімді, оны толық деп санауға немесе диагностика немесе емдеу үшін қолдануға болмайды, сонымен қатар дәрігеріңіздің немесе басқа медициналық маманның кеңесінің орнына қолдануға болмайды. Егер сізде сұрақтар туындаса, дәрігеріңізге немесе басқа медициналық маманға хабарласыңыз. Дәрігердің кеңесін ескеріңіз және осы ақпаратқа қарамастан оны алуды кешіктірмеңіз.
- McCusker C, Upton J, Warrington R. Primary immunodeficiency. Allergy Asthma Clin Immunol. 2018 Sep 12;14(Suppl 2):61. doi: 10.1186/s13223-018-0290-5. Link: https://
pmc.ncbi.nlm.nih.gov/articles/PMC6157160/ - Ness S. Differentiating characteristics and evaluating intravenous and subcutaneous immunoglobulin. Am J Manag Care. 2019 Jun;25(6 Suppl):S98-S104. Link: https://
www.ajmc.com/view/intravenous-and-subcutaneous-immunoglobulin-treatment-options - Immune Deficiency Foundation. (n.d.). Tips for staying healthy. Primary Immune Deficiency Foundation. October 21, 2020, Link: https://primaryimmune.org/resources/news-articles/tips-staying-healthy
- IPOPI. Primary immunodeficiencies - Stay healthy! A guide for patients and their families Available at: https://ipopi.org/wp-content/uploads/2017/07/IPOI-Guide-for-patients-and-families-download.pdf.