Бастапқы иммунтет тапшылығы мен антидене тапшылығының диагностикасы

Бастапқы иммунитет тапшылығы (БИТ) ойлағандай емес, жиі кездеседі.

Дүние жүзінде шамамен, 10 000 адамның біреуі БИТ ауруынан зардап шегеді1.


Алайда бұл бағалау төмендетілген деп есептеледі, өйткені иммунитет тапшылығының көптеген жағдайларына диагноз қойылмаған болуы мүмкін1.

Дәрігер антиденелердің бастапқы тапшылығын тексеруді мына жағдайларда ұсынуы мүмкін2:

  • жиі инфекцияларда,
  • ауыр инфекцияларда,
  • емдеуге жауап болмаған жағдайда.
пациент

Сауалнамаға қатысыңыз және иммунитет тапшылығы бойынша қауіпті топқа жатасыз ба, біліңіз?

Symptom matcher 

Антидене тапшылығы барлық иммунитет тапшылығының 50‑60% құрайды.

Уақытылы диагноз қою және емдеуді тез бастау инфекциялардың жиілігін және асқыну қаупін азайтып, науқастың өмір сүру сапасын арттыра алады2.

Бастапқы антидене тапшылығына күдік туындаған жағдайда пациенттің бағыты2

дәрігер

01

БАСТАПҚЫ БУЫН: ОТБАСЫЛЫҚ ДӘРІГЕР / ПЕДИАТР / ТЕРАПЕВТ / ИНФЕКЦИОНИСТ / ПУЛЬМОНОЛОГ

  • Дәрігер ұзаққа созылған немесе ауыр инфекцияларға (пневмония, синусит, отит және т.б.) шағымдарды, анамнезді (оның ішінде отбасылық) талдайды және жалпы тексеру жүргізеді.
  • Күдікті белгілер болған жағдайда науқасты иммунолог-аллергологқа жібереді.
  • Науқастарды иммунолог-аллерголог тексергенге дейін жұқпалы аурулар бойынша мамандарға да жиі жібереді.
дәрігер

02

МАМАН: ИММУНОЛОГ-
АЛЛЕРГОЛОГ ДӘРІГЕР

  • Дәрігер инфекциялардың жиілігін талдайды және алғашқы иммунологиялық тексеру тағайындайды.
дәрігер

03

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ

  • Лейкоциттік формуласымен жалпы қан талдауы
  • Антидене деңгейін өлшеу (IgM, IgG және IgA)
  • Ағындық цитометрия — жасушалардың физикалық және химиялық параметрлерін жылдам өлшеудің заманауи технологиясы, ол басқа БИТ түрлерін жоққа шығару үшін қажет.
  • Вакцинациядан кейінгі немесе инфекциядан кейінгі иммундық жауапты бағалау (адамда вакцинациядан немесе басынан өткізген инфекциядан кейін антиденелер қалған-қалмағанын тексереді — егер антиденелер болмаса, бұл иммунитет тапшылығының белгісі болуы мүмкін).
дәрігер

04

АСПАПТЫҚ ТЕКСЕРУ

  • Өкпе немесе мұрын қуыстары сияқты зақымданатын ағзаларын рентгенологиялық бағалау көрсетілуі мүмкін.
дәрігер

05

ҚАЖЕТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ

  • Көптеген белгілі гендік ақаулар үшін қол жетімді және клиникалық және зертханалық белгілердің болуына байланысты нақты диагноздарды растау немесе жоққа шығару үшін көрсетілуі мүмкін.
дәрігер

06

ДИАГНОЗ ҚОЮ ЖӘНЕ ЕМДЕУ

  • Бастапқы иммунитет тапшылығының түпкілікті диагнозын анықтау.
  • Иммунолог-аллергологта диспансерлік бақылау, терапияның жай-күйі мен тиімділігін үнемі бақылау.

АНТИДЕНЕ ТАПШЫЛЫҒЫН ДӘЛ ЖӘНЕ ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ, ӨЙТКЕНІ ОЛ ҚАЙТАЛАНАТЫН ИНФЕКЦИЯЛАР ЦИКЛІН ҮЗУГЕ ЖӘНЕ ӨМІР САПАСЫН АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖАҚСАРТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.

Егер сізде иммунитет тапшылығы болуы мүмкін деп күдіктенсеңіз, сынақтан өтіп, осы жағдайдың болу қаупін біліңіз.

Symptom matcher 

Ескерту

ДӘРІГЕРГЕ НЕМЕСЕ ИММУНОЛОГҚА БАРУДЫ ЕСКЕРІҢІЗ, ӘСІРЕСЕ, АУРУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ БОЛСА!

Бұл сайттағы ақпарат көпшілікке тек ақпараттық мақсаттар үшін қол жетімді, оны толық деп санауға немесе диагностика немесе емдеу үшін қолдануға болмайды, сонымен қатар дәрігеріңіздің немесе басқа медициналық маманның кеңесінің орнына қолдануға болмайды. Егер сізде сұрақтар туындаса, дәрігеріңізге немесе басқа медициналық маманға хабарласыңыз. Дәрігердің кеңесін ескеріңіз және осы ақпаратқа қарамастан оны алуды кешіктірмеңіз.

  1. Meyts I, Bousfiha A, Duff C, Singh S, Lau YL, Condino-Neto A, Bezrodnik L, Ali A, Adeli M, Drabwell J. Primary Immunodeficiencies: A Decade of Progress and a Promising Future. Front Immunol. 2021 Feb 18;11:625753. doi: 10.3389/fimmu.2020.625753. PMID: 33679719; PMCID: PMC7935502. Link: https://pmc.ncbi.nlm.nih.gov/articles/PMC7935502/
  2. McCusker C, Upton J, Warrington R. Primary immunodeficiency. Allergy Asthma Clin Immunol. 2018 Sep 12;14(Suppl 2):61. doi: 10.1186/s13223-018-0290-5. Link: https://pmc.ncbi.nlm.nih.gov/articles/PMC6157160/